Жарнама
Жарнама
Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті
Olympic.kz

Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Қазақстандық балуан Юсуф Ашрапов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Финалда армян балуанын жеңді

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық шешуші кездесуде Армения балуаны Геворг Тертеряннан басым түсті. Тартысты белдесу 4:3 есебімен аяқталып, жеңіс Юсуф Ашраповқа бұйырды.

Юсуф Ашрапов биыл Германияда өткен Grand Prix турнирінде де алтын жүлде иеленген. Сайыстың финалында ол қазақстандық Алматбек Аманбекті жеңген болатын.

Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбек Айтбеков те әлем чемпионы атанған еді. Ол финалда әзербайжандық Эльмир Әлиевті жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаты 12-18 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасынан бұл додаға 30 спортшы қатысады. Ұлттық құрама еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен барлық салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Жарнама
Жарнама