Карлос Адамес бұған дейін Әлімханұлының командасына келісімшарт жолдағанын мәлімдеген еді.
WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) кезекті рет WBC белбеуінің иегері доминикалық Карлос Адаместі (24-1, 18 КО) жекпе-жекке шақырды.
«Адамес! Қайдасың? Төбелесейік! Келісімшарт деп едің ғой. Оны маған жіберіңдер!», - деп жазды қазақстандық боксшы өзінің парақшасында.
Айта кетейін, бұған дейін Адамес бірнеше мәрте Әлімханұлының командасына келісімшарт жолдағанын әлеуметтік желі арқылы мәлімдеген еді. Тіпті бұған дәлелі барын да айтқан болатын. Алайда сол күйі айғағын көрсетпеді.