Эдуард Базров көптің көкейіндегі сұрақтарға ашық жауап берді.
Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы және DAR Team командасының мүшесі Эдуард Базров Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық жауынгердің алдағы айқасына қатысты жағдайды айтып берді.
«Қазір Шавкат дайындық үстінде. Жаңалық күтіп жүр. Бізге жекпе-жек керек. Қазақстанға құр алақан қайтудан қайыр жоқ. Қандай да бір қарсылас тауып беруін күтіп жүрміз. Себебі ұзақ үзіліс жасауға болмайды. Октагонға шығып, еңбегімізді көруіміз керек.
Кемі үздік ондыққа кіретін қарсыластың біреуін бізге береді сенеміз. Сол арқылы күшімізді сынап, қандай деңгейде екенімізді білуге болады. Титул үшін жұдырықтасудың сәті енді қашан түсетінін білмейміз. Десе де, ұзақ үзілістен соң бірден мұндай жекпе-жекке өткізу дұрыс емес», — деді Базров.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов әу баста чемпиондық бтитул үшін Белал Мұхаммедпен жұдырықтасуы керек-тін. Алайда Мұхаммедтің аяғындағы инфекцияға байланысты жекпе-жек өтпейтін болды.