Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

UFC президенті бүгін түнде Шавкаттың жекпе-жегі бойынша мәлімдеме жасайды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
15.11.2024, 09:36

Бұл туралы Дана Уайт журналистің сұрағына жауап беріп жатқанда айтты. 

UFC президенті бүгін түнде Шавкаттың жекпе-жегі бойынша мәлімдеме жасайды (ВИДЕО)
Knews.kg

UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың желтоқсанда өтуі керек жекпе-жегі бойынша журналист сұрағына жауап берді. Бұл туралы «Спорт Шрёдингера» хабарлады. 

Айта кетейік, әу баста қазақстандық файтер UFC чемпионы Белал Мұхаммедпен жұдырықтасуы керек-тін. Алайда америкалық спортшы аяғындағы инфекцияға байланысты жекпе-жектен бас тартты.

"Қазір UFC 309-ға басты назар аударылып жатқанын түсінемін. Бірақ Белал Мұхаммед UFC 310-ға қатыспайтын болғаннан кейін адамдар мейн-ивенттің тағдырын білуге тырысып бағуда. Шавкат басқа біреумен жекпе-жекке шыға ма, әлде Пантожа мен Асакура жұптасуы мүмкін бе?" - деп сұрады журналист. 

"Ертең жариялаймыз! Бәрі керемет болады!", — деп жауап берді Уайт.

Яғни Уайттың анонсы Қазақстан уақытымен 16-шы қарашаға қараған түні жасалады.

Еске салайық, UFC 310 турнирі 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір