Қазақстандық боксшының шаршы алаңға шықпағанына бір жыл болды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақ дәрежесі бойынша әлемнің үздіктері қатарынан шығып қалды. Бұл тұралы sportarena.kz хабарлады.
2023 жылдың 17-ші қарашасында Мейірім Нұрсұлтанов мансабындағы ең маңызды жеңісіне қол жеткізген еді. Қазақстандық боксшы Ташкентте чилилік Хулио Аламосты жеңді.
Осыдан кейін Мейірімнің командасы бұл жекпе-жектің WBC нұсқасы бойынша іріктеу мәртебесіне ие болғанын айтты. Алайда, арада бір жыл өтсе де, доминикалық Карлос Адамес Нұрсұлтанов қарсы өзінің чемпиондық титулын қорғаған жоқ.
Ал Дүниежүзілік бокс кеңесі болса, осы уақыт ішінде қазақстандықты рейтингте - бірінші орыннан екінші орынға (Хамза Шираз көш бастады) ығыстырып тастады. Кейін Мейірім үшінші орынға (кіші Крис Юбэнка екінші орынға жайғасты) түсіп қалды.
2024 жылдың 18 қарашасында BoxRec статистикалық порталы Нұрсұлтановты орта салмақ рейтингісінен мүлдем алып тастады.