ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Елдос Сметов ұлттық құрама сапындағы жаттығуын қашан бастайтыны белгілі болды

Бұл туралы дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері айтып берді. 

Елдос Сметов ұлттық құрама сапындағы жаттығуын қашан бастайтыны белгілі болды
NUR.KZ

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевтың жаттығу жұмыстарын қашан бастайтындары туралы айтты. Бұл туралы Sportnews.kz хабарлады. 

ҰОК берген сұхбатында Сүлейменов аталған екі спортшының Ақтөбеде өткен ел біріншілігінен босатылғанын мәлімдеді. Алайда келер жылдың 9-қаңтарында басталатын жаттығу жиынына қатысулары керек екен. 

"Сметов пен Қырғызбаев келесі жаттығу жиынында командаға қосылулары керек. Ол қаңтарға жоспарланған. Астанада өтеді", - деді бас бапкер. 

Айта кетейік, ұлттық құрама Tokyo Grand Slam турниріне қатысады. Оған Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Абылайхан Жұбаназар мен Нурлыхан Шархан қатысады деп күтілуде. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.