Америкалық боксшы Жәнібекпен жұдырықтасуға келісті
Бұған дейін ол Дэниел Джейкобсті жеңген.
allboxing.ru
Кіші Шейн Мозли (22-4, 12 КО) есімді америкалық боксшы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жұдырықтасуға дайын.
Қолда бар мәлімет бойынша Мозли қазақстандық боксшымен жекпе-жекке шығудан қашқақтаған Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) орнына алдағы жылдың басында шаршы алаңға шығуға келіскен.
Айта кетейік, қазір америкалық былғары қолғап шебері WBO рейтингінде үшінші орында тұр. Соңғы рет ол шілде айында Дэниел Джейкобске (37-5, 30 КО) қарсы тұрып, төрешілер шешімімен жеңімпаз танылған болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet