Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

UFC турнирінің басты жекпе-жегінде қазақ спортшысынан қашқан файтер жазаланды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.03.2025, 10:46

Мексикада өткен UFC on ESPN 64 турнирінің басты оқиғасы Брэндон Морено мен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек болды. Ең жеңіл салмақта (57 кг дейін) өткен айқаста жергілікті жанкүйерлердің қолдауына ие болған Морено бірауызды шешіммен жеңіске жетті.

FightTime.ru
Реклама
Реклама

Брэндон Морено өзінің кәсіби мансабында 23 жеңіске жетіп, 8 рет жеңіліп, 2 кездесуде тең түскен. Ал Стив Эрцег 12 жеңіс және 4 жеңіліске ие.

Морено бұл жекпе-жекке 2024 жылдың қарашасында Амир Альбазиді жеңгеннен кейін шықты. Ол кезде де төрешілердің бірауызды шешімімен басым болған. Осылайша, мексикалық файтердің жеңісті жолы жалғасып келеді. 

Эрцегтің соңғы айқасы 2024 жылдың тамызында өткен. Ол кезде ол Кай Кара-Франстан бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Бірақ ең басты жайт — Эрцег казахстандық Асу Алмабаевпен кездесуден бас тартып, Мореномен айқасуды жөн санаған. Бұл шешім ақталмады — Асудан қашқан файтер әділ жазасын алды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары