Жекпе-жек
Қазақстандық қыздар бокстан әлем кубогында он медаль жеңіп алды
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Черногорияның Будва қаласында өткен "Адриатика маржаны" халықаралық турнирін табысты аяқтады. Бұл дода жастар арасындағы әлем кубогы мәртебесіне ие.
Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан Өзбекстанды жеңді (ВИДЕО)
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Елдана Тәліпова алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
«Мен бұл дивизионға қажетпін». Жалғас Жұмағұлов UFC-ке оралуы мүмкін
Аралас жекпе-жек шебері мәлімдеме жасады.
Қазақстандық боксшы Зиданмен қолғап түйістірді
Қазақстандық жас боксшы Алдияр Баһадүр халықаралық "Адриатика маржаны" турнирінің финалдық айқасында өнер көрсетті.
Қазақ дзюдошысы Гран-приде даулы шешімнен кейін медальсіз қалды
Австрияның Линц қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирінде Нұрлыхан Шархан жүлдеге іліге алмады.
Бокстан әлем кубогы. Ел қоржыны "алтынмен" толықты
Қазақстандық боксшы Регина Тибенева Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан "Адриатика маржаны" халықаралық турнирінде (жастар арасындағы әлем кубогы) алғашқы алтын медаль жеңіп алды.
Жыл нокауты ма? UFC ардагері басынан айналмалы соққымен нокаутқа түсті (ВИДЕО)
Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Маурисио Руффи Лас-Вегаста өткен UFC 313 турнирінде әсерлі жеңіске жетті.
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогын сәтті бастады
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль жеңіп алды.
UFC чемпионына қазақы сыйлық тарту етілді (ВИДЕО)
Жартылай ауыр салмақтағы UFC-дің жаңа чемпионы, ресейлік Магомед Анкалаев (20-1-1-1) қазақстандық жанкүйерден ерекше сыйлық алды.
"Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес" - Магомед Анкалаев UFC чемпионы атанды (ВИДЕО)
UFC 313 турнирінің басты жекпе-жегі Лас-Вегаста өтті. Магомед Анкалаев пен Алекс Перейра арасында өткен шайқаста ресейлік спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы атанды.
UFC 313: Қазақcтандық Физиевтің реваншы қалай аяқталды? (ВИДЕО)
АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC 313 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде Қазақстан тумасы, Әзербайжан атынан өнер көрсететін Рафаэль Физиев (12-4) мен америкалық Джастин Гэтжи (26-5) октагонда қайта кездесті.
Әлем чемпионаты. Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі алғашқы күнде өтеді
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 9 наурызда Сербияның Ниш қаласында жалауын көтереді.
Артур Бетербиев ораза айында жаттығуларын жандандырды
Ресейлік боксшы Артур Бетербиев ақпан айында Дмитрий Биволға төрешілер шешімімен жеңіліп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылған еді. Бірақ ол жаттығуларға қайта оралғанын мәлімдеді.
Қазақстандық сұлу боксшы тарихи жекпе-жекке шығады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыманның (6-0, 5 KO) кезекті жекпе-жегі белгілі болды.
"Бір емес, екі бас жоғары". Қазақстан құрамасының бапкері Джалолов пен оның "ізбасарын" салыстырды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Баходир Джалолов пен оның "ізбасары" саналатын Джахонгир Зокировтың рингтегі ұқсастығы туралы пікірін білдірді.
UFC файтері оразасын бұзуға мәжбүр
Жартылай ауыр салмақта UFC рейтингінде бірінші тұрған Магомед Анкалаев (20-1) Рамазан айында оразасын бұзуға тура келгенін айтты.
Александр Усиктің спарринг-серіктесі ауыр нокаутқа түсті (ВИДЕО)
Украиналық кәсіпқой боксшы Владимир Кацук (5-2, 2 КО) Ұлыбританияның Брайтон қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Мэтти Харрис (7-1, 5 КО) болды.
Елдос Сметов Әбиба Әбужақынованың жетістігін атап өтті
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Линц (Австрия) қаласында өткен Гран-при турнирінде жеңіске жеткен Әбиба Әбужақынованы құттықтады.
Жойқын нокауттар! Қазақстандық қыздар қарсыластарын рингте қалай күйретті?
Қазақстандық боксшы қыздар Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан халықаралық "Адриатика маржаны" турнирінің жартылай финалында бақ сынады.
Қазақстан тумасы Джастин Гэтжимен жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті (ВИДЕО)
Қазақстанда дүниеге келген, бірақ қазір Әзербайжан атынан өнер көрсететін Рафаэль Физиев (12-3) америкалық файтер Джастин Гэтжимен (25-5) жекпе-жекке дейінгі міндетті салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.