Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

2025 жылы ақылы жолдардан қанша табыс түсті?

Сарапшы, спорт журналисі

Биылғы 10 айында түсім 72 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен көп. Себебі елімізде ақылы жолдар саны артқан. 

2025 жылы ақылы жолдардан қанша табыс түсті?
Inbusiness.kz

Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдары 2025 жылдың басынан бері 70 млрд теңге табыс әкелді. «Қазавтожол» бұл қаражат толықтай жолды жөндеу мен қызмет көрсетуге жұмсалатынын мәлімдеді.

«Қазавтожол» мәліметінше, елдегі ақылы автожолдар республикалық бюджеттен бір теңге алмай, тек жүргізушілердің төлемдері есебінен жұмыс істейді.

Заңға сәйкес:

  • бұл қаражат басқа мақсатқа жұмсалмайды;
  • жеке шотқа жиналады;
  • тек жол жөндеу, инфрақұрылымды жаңарту және техникалық қызмет көрсетуге бағытталады.

Мәселен, түскен қаржыға 61,4 мың м² жол жөнделген. 4,3 мыңнан астам жол белгісі орнатылды. Сонымен қатар, қысқы маусымға арналған жаңа техника, оның ішінде тракторлар сатып алынды.

2024 жылғы көрсеткіш қандай болды?

Өткен жылы ақылы жолдар 53 млрд теңге табыс түсірген. Бұл қаражатқа:

  • 43 мың м² жол жөнделді,
  • 17,6 мың км жол сызықтары жаңартылды,
  • 29 мыңға жуық сигналдық бағана орнатылды,
  • 2,3 млн м³ қар тазаланды,
  • 680 техникалық құрал-жабдық сатып алынды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір