Катар Гран-приі: Ферстаппен жеңіске жетіп, титулға талас мүмкіндігін сақтап қалды
Дохада Формула-1-дің 23-кезеңі – Катар Гран-приі өтті. 57 айналымнан (308,611 км) тұрған жарыста төрт дүркін және қазіргі әлем чемпионы, «Red Bull» пилоты Макс Ферстаппен мәреге бірінші келді.
Титул үшін интрига сақталды
Бұл жеңіс голландиялық пилотқа жалпы есепте титул үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.
Подиум мынадай құрамда қалыптасты:
- Макс Ферстаппен (Red Bull) – 57 айналым
- Оскар Пиастри (McLaren) – +7,995 сек
- Карлос Сайнс (Williams) – +22,665 сек
Маусымның жалпы классификациясында көш бастап келе жатқан Ландо Норрис (McLaren) бұл жолы төртінші орынмен шектелді. Бірақ титул жолындағы басымдығын сақтап қалды.
Хэмилтон көлеңкеде қалып қойды
Жеті дүркін әлем чемпионы, қазір «Ferrari» командасының намысын қорғайтын Льюис Хэмилтон Катар трассасында сәтсіз өнер көрсетіп, тек 13-орынға табан тіреді.
Бұл нәтиже британдық пилот үшін титулдық тартысқа араласу мүмкіндігін іс жүзінде жойды десе болады.
Катар Гран-приі, Доха (57 айналым, 308,611 км)
Формула-1 жанкүйерлері енді келесі Абу-Даби Гран-приінде Норрис пен Ферстаппен дуэлінің қалай жалғасатынын тағатсыздана күтетін болады.