Ферстаппен тағы да қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады.
«Ред Булл» командасының төрт дүркін және қазіргі әлем чемпионы Макс Ферстаппен Абу-Даби Гран-приінің іріктеу сессиясында үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Ландо Норрис, үшінші орынды оның командаласы Оскар Пиастри иеленді.
«Макларен» командасы да аайтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті. Ландо Норрис небәрі 0.108 секундқа артта қалып, мәреге екінші келді. Ал оның серіктесі Оскар Пиастри үздік үштікті түйіндеді.
Ал Ферраридің басты үміті, жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон бұл жолы да сәтсіздікке ұшырады. Тек 16-орынмен шектелді.
Айта кетерлік бір жайт, Льюис Хэмилтон Феррари тарихында алғаш рет қатарынан үш Гран-при іріктеуінің бірінші сегментінен шығып қалған пилот атанды.
Формула-1. Гран-при Абу-Даби. Іріктеу кезеңі
Екінші сегменттен кейін жарыстан шығып қалғандар
Оливер Берман (Хаас) — 1:23.041
Карлос Сайнс (Уильямс) — 1:23.042
Лиам Лоусон (Рейсинг Буллз) — 1:23.077
Андреа Кими Антонелли (Мерседес) — 1:23.080
Лэнс Стролл (Астон Мартин) — 1:23.097
Бірінші сегменттен кейін жарыстан шыққандар
Льюис Хэмилтон (Феррари) — 1:23.394
Алекс Албон (Уильямс) — 1:23.416
Нико Хюлькенберг (Кик-Заубер) — 1:23.450
Пьер Гасли (Альпин) — 1:23.468
Франко Колапинто (Альпин) — 1:23.890