
Қазақстандық әнші Ернар Сәдірбаев (сахналық есімі — Amre) биыл "Интервидение" халықаралық музыкалық байқауында ел намысын қорғайды.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде хабарлады:
«Интервидение» байқауында Қазақстан атынан Ернар Сәдірбаев қатысады. Ол – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, — делінген министрлік таратқан мәліметте.
Amre есімімен танылған Ернар Сәдірбаев — поп, поп-классика, латино және R&B жанрларында өнер көрсететін талантты орындаушы. Ол бірнеше халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жүлдегері.
2023 жылдың қарашасында Ресей «Евровидение» үлгісіндегі музыкалық байқау ұйымдастыратынын жариялады. Бұл жоба «Интервидение» атауын алды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, байқау саяси шектеулерден ада және тек өнер мен музыканы насихаттауға бағытталған.
Биылғы жылы Ернар Сәдірбаев жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты бірнеше мәлімдеме жасаған:
Аmre-нің «Интервидение – 2025» байқауына қатысуы – қазақстандық өнердің халықаралық аренадағы тағы бір жарқын көрінісі. Ернар Сәдірбаевтың шығармашылық жолы мен кәсіби жетістіктері оған үлкен сахнада ел атынан лайықты өнер көрсетуге мүмкіндік береді.