
UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов туралы материал дайындаған бразилиялық спорт журналисі Игор Серафини Қазақстанның туын әлемдегі ең әдемі рәміздердің бірі деп атады.
Бұл туралы ММА сарапшысы өзінің әлеуметтік желідегі X парақшасында жазды. Игор Серафини қазіргі таңда Қазақстанның ең танымал файтерлерінің бірі – Шавкат Рахмоновқа арналған бейнематериал дайындап жатқанын айтып, туымыздың әсемдігіне ерекше баға берді.
“Мен Шавкат Рахмонов туралы видео жасап жатырмын және мынадай қорытындыға келдім: Қазақстанның туы — нағыз өнер туындысы. Бұл — әлемдегі ең көркем тулардың бірі. Тіпті ең әдемісі деуге болады. Керемет”, – деп жазды ол.
Серафинидің жазбасына пікір қалдырғандар арасында Шавкат Рахмоновқа арнайы костюмды шорты жасау қажет деген ұсыныстар айтылды. UFC-де соңғы жылдары жекелеген жұлдыздарға арналған ерекше дизайндағы шорттар қолданылып жүр. Мысалы:
Жанкүйерлер енді Шавкат Рахмоновтың да октагонға көк ту бейнеленген жеке шортымен шығуын қалайды.