Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет өз тойының фотосын көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның танымал әншісі, актриса және бұрынғы «КешYOU» тобының солисті Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет жұбайы, актер Ғазірет Ержановпен өткен некелесу тойынан фотолар жариялады.

Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет өз тойының фотосын көрсетті
NUR.kz

Махаббат түсірілім алаңында басталған

Желі қолданушылары Кәмшаттан «Сіз күйеуіңізбен “Рауза” телехикаясының түсірілімінде таныстыңыз ба?» деп сұраған. Әнші бұл ақпаратты растап, олардың махаббат хикаясы дәл сол жобадан бастау алғанын айтты.

«Иә, біз “Рауза” сериалында таныстық. Сол кездегі таныстық өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты», — деді Кәмшат.

Желі оқырмандарының бірі «Біз сіздің тойыңыздың фотоларын әлі көрмедік қой» деп жазғаннан кейін, Кәмшат өз тойынан ерекше сурет жариялады.

Фотода Камшат ақ орамал тағып, ұлттық нақыштағы киім киген. Ал Ғазірет Ержанов ақ көйлекпен камераға қарап, күлімсірей көз қысып тұр.

Суреттер әншінің Instagram парақшасының сторис бөлімінде жарияланған.

«Киноны сағындым, бірақ уақыт келеді»

Сондай-ақ Кәмшат Жолдыбаева неге соңғы уақытта фильмдерге түспей жүргенін де түсіндірді.

«Шүкір, шақыртулар аз емес. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өз себептері бар. Киноны сағындым, ал кино мені сағынған шығар. Бір күні біз қайта кездесеміз», — деп жазды Кәмшат.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір