Қазақстандық танымал әнші, "МузАРТ" тобының солисі Мейрамбек Беспаев Instagram парақшасында жүрекке жылу сыйлаған отбасылық кадрларын көрсетті. Өнер иесі әкесі мен ұлы түскен жаңа суретті жариялап, сондай-ақ атасымен бірге түскен ескі фотосын жариялады.
Желі қолданушыларының назарын аудартқан дүниенің бірі — Беспаевтың шамамен 40 жыл бұрын түсірілген фотосуретті бүгінгі күнмен салыстыра қайта түсіруі.
Мұрағат фотода кішкентай Мейрамбек әкесі және атасымен бірге бейнеленген. Жаңа кадрда әнші әкесі және ұлымен қатар отырып, үш буынның сабақтастығын көрсеткен.
Әнші жариялаған суретінің астына әкесіне арнап қысқа әрі мәнді құттықтау қалдырған:
“Папа, туған күніңізбен! Ұзақ ғұмыр тілеймін!” — деп жазды Мейрамбек.
Үш ұрпақтың бір кадрға сыйған бұл суреті жанкүйерлер мен әріптестері арасында ерекше әсер қалдырды. Пікір қалдырғандар әкеге ұзақ өмір тілеп, отбасылық дәстүрдің маңызын атап өткен.
Желіде жазылған пікірлердің мазмұны мынадай болды: