Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Әлеуметтік желіде қызы Алаумен бірге түскен фотосын жариялап, қыз тәрбиесіне қатысты көзқарасын бөлісті.
Жұлдыз бұған дейін Алау екеуі ақ және қара аққу бейнесін сомдағанын атап өтті. Актрисаның айтуынша, бұл түрлену жай ғана сән емес — ананың қорғаушы рөлін білдіретін символикалық қадам.
Актриса қыздарына қатысты басты қағидасын ашық айтты. Оның сөзінше, Алау өз үйінде “қонақ” емес, керісінше анасының жалғасы.
Жұлдыздың пікірінше, ол қызын “ертең біреудің шаңырағында келін боласың” деген түсінікпен тәрбиелемейді. Керісінше, қызының өз өмірі, қалауы, еркіндігі мен сезімі бар жеке тұлға екенін бірінші орынға қояды. Сондай-ақ, ол қыздарына үйдегі тәртіпті «тыйымдармен» емес, қолдау мен сенім арқылы қалыптастыруға тырысатынын жеткізді.
Жарияланым астында оқырмандар жылы пікір қалдырған. Комментаторлар ана мен қыздың қарым-қатынасына сүйсініп, сенімнің маңызын ерекше атап өтті. Кейбірі Жұлдызды “үлгі болар ана” деп бағаласа, енді бірі Алауға анаңызды қадірлеңіз деген тілегін жазған.