
Ресейлік танымал блогер және әнші Инстасамка (Дарья Зотеева) мен оның жары Олег Еропкин футбол әлеміне бет бұрмақ. Олар өз клубын сатып алуды жоспарлап отыр.
Инстасамка мен оның күйеуі, музыкант әрі блогер Oleg Moneyken (Олег Еропкин) бір ресейлік футбол клубын сатып алуға ниетті. Келісім құны шамамен 300 миллион рубль (шамамен 1,5 миллиард теңге) болуы мүмкін. Бұл туралы Sports.ru және Mash на спорте Telegram-арнасы жазды.
Қазір жұп ресейлік клубтардың бірімен нақты келіссөздер жүргізіп жатыр. Ең басты шарттардың бірі – трансферлік саясатты Инстасамка мен Еропкиннің өзі жүргізеді.
Moneyken лақап атымен танылған Олег Еропкин футболға бөтен емес. Ол 3 жасынан 12 жасқа дейін “Чертаново” футбол академиясында жаттыққан. Сонымен қатар ол “Чертаново Медиа” командасының сапында Отар Кушанашвили атындағы “Үміт Кубогына” қатысқан. Бұл турнирге Медиалига Кубогына өте алмаған командалар жиналды.