Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Осы жаздың басты шайқасында кім жеңіске жетеді?

Сарапшы, спорт журналисі
31.08.2025, 12:11

«Ливерпуль» – «Арсенал» және «Лион» – «Марсель» матчтары – Olimpbet аналитикасында.

arena.olimpbet.kz
arena.olimpbet.kz

Англия Премьер-лигасы. Үшінші тур. «Ливерпуль» – «Арсенал». 31 тамыз, 20:30 (Астана уақыты)

Жаздың соңғы күніндегі басты футбол оқиғасы, сөзсіз, «Энфилд» стадионында өтеді. Үшінші тур аясында «Ливерпуль» мен «Арсенал» кездеседі.

Olimpbet сарапшылары алдағы шайқаста алаң иелерінің жеңіске жету мүмкіндігі қонақтарға қарағанда жоғары деп санайды, дегенмен оларды сөзсіз фаворит деп атамайды.

Өткен маусым қорытындысы бойынша «скаузерлер» мен «канонирлер» Премьер-лига кестесінің алғашқы екі сатысын иеленді. Дәл осы екі команда АПЛ-2025/26 маусымында алтынға басты үміткерлер қатарында.

Қазіргі уақытта мерсисайдтықтар да, лондондықтар да сарапшылар болжамын ақтап келеді – жаңа маусымды екі жеңістен бастады. «Арсенал» сенімді қорғанысымен мақтана алады – әлі бірде-бір гол жіберген жоқ.

Ал «Ливерпуль» – қазіргі чемпион – нәтижелілігімен көзге түсуде (екі турда жеті гол) және нағыз чемпиондық мінез танытып жүр. Арне Слот командасы «Борнмут» пен «Ньюкаслға» қарсы кездесулерде шешуші доптарды матчтың соңына таман соқты.

Соңғы жылдары «скаузерлер» «қару-жарақ иелеріне» сәтті қарсыласып жүр. Соңғы он кездесудің тек екеуінде ғана астаналық клуб жеңіске жеткен.

«Энфилдтегі» жеке кездесулерге келсек, бұл статистика «Арсеналға» мүлде жайсыз – олар қонақта «Ливерпульді» 13 жылдан бері (2012 жылдың 2 қыркүйегінен бастап) жеңе алмай келеді.

Екінші жағынан, мерсисайдтықтар алаңындағы соңғы сегіз кездесудің алтауы тең аяқталды.

Алайда қазір тең нәтиже ең аз ықтимал нұсқа деп есептейді Olimpbet сарапшылары.

Сонымен қатар, олар матч «жоғары» сипатқа ие болады деп болжайды. Гол соғуы ықтимал ойыншы ретінде қонақтардың жаңа шабуылшысы, швед Виктор Дьекереш аталды.

Фото: arena.olimpbet.kz

Ла Лига. Үшінші тур. «Лион» – «Марсель». 31 тамыз, 23:45

Франция чемпионатының алғашқы екі турында бірден төрт клуб максималды ұпай жинады – алтыдан. Солардың бірі – «Лион», ол доп айырмашылығы арқасында (4:0) турнир кестесін бастап тұр.

Ал «Марсель» бірінші турда «Реннге» (0:1) ұтылып, бір матчта жеңіліс тапты. Қазір провансальдықтар жетінші орында.

Дегенмен, Olimpbet сарапшылары «Лионды» өз алаңында фаворит санамайды. Керісінше, қонақтардың қолайлы нәтижеге жету мүмкіндігі жоғары дейді.

Мұндай болжамға екі команданың соңғы кездесу статистикасы әсер еткен секілді. Соңғы алты ойында бес рет «Марсель» жеңіске жетті. Өткен маусымда «ақ-көктер» өз алаңында да, сырт алаңда да бірдей есеппен (3:2) жеңіске жеткен.

Olimpbet сарапшылары бұл жолы да командалар жанкүйерлерді көп голмен қуантады деген пікірде. Ойын «жоғары» сипатта болады деп күтіледі.

Айта кетерлігі, сарапшылар «Марсельді» тек есепте ғана емес, бұрыштамалар мен тіпті сары қағаздар саны бойынша да басым көреді.

Дереккөз: Olimpbet Arena

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір