
Olimpbet «Фейеноорд» – «Астон Вилла» және «Порту» – «Црвена Звезда» матчтарына талдау ұсынады.
3 қазан, 00:00 (Астана уақыты)
Еуропа Лигасының екінші турындағы орталық ойындардың бірі Роттердамда өтеді. Мұнда «Фейеноорд» ЕЛ-2025/26 жарысының басты фавориттерінің бірі – «Астон Вилланы» қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары бұл матчта басымдықты англиялық клубқа беріп отыр. «Вилла» алғашқы турда-ақ өз мықтылығын дәлелдеп, «Болоньяны» жеңді. Ал голландиялықтар жарысты португалиялық «Брагадан» ұтылудан бастады.
Алайда қос клубтың ұлттық біріншіліктегі нәтижелеріне назар аударсақ, басымдық голландиялықтарда. Унаи Эмери жаттықтыратын «Астон Вилла» АПЛ-2025/26 маусымындағы алғашқы жеңісіне тек өткен демалыста қол жеткізді: Алтыншы турда «Фулхэмді» 3:1 есебімен ұтты. Ал «Фейеноорд» Эредивизияда жеке-дара көш бастап тұр – мүмкін болған 21 ұпайдың 19-ын жинады. Оның үстіне, өз алаңы мен Нидерландтағы жанкүйерлер факторы да есепке алынуы тиіс.
Olimpbet талдаушылары бұл ойында екі команда да гол соғуы ықтимал деп санайды. Ал ең ықтимал гол авторы ретінде «Астон Вилла» мен Англия құрамасының шабуылшысы Олли Уоткинстің есімі аталады.
3 қазан, 00:00 (Астана уақыты)
Порту қаласында өте қызықты кездесу өтеді – жергілікті «Порту» Белградтың «Црвена Звездасымен» ойнайды.
Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелерін сөзсіз фаворит санайды. Олардың жеңіске жету мүмкіндігі қонақтарға қарағанда шамамен 6 есе жоғары бағаланған. Бұған таңғалуға болмайды. «Айдаһарлар» Еуропа Лигасын жеңіп алуға басты үміткерлердің тізімінде. «Астон Вилладан» кейінгі екінші орында тұр. Ал «Звезда» тіпті алғашқы жиырмалыққа кірмейді.
ЕЛ-2025/26 додасын «Порту» сырт алаңда «Зальцбургті» жеңіп бастады. Ал «Црвена Звезда» өз алаңында шотландиялық «Селтикті» жеңе алмай, 1:1 есебімен тең түсті.
Айта кету керек, португалиялықтар мен сербтер бұған дейін мүлде кездескен емес, тіпті жолдастық матчтарда да жолдары түйіспеген.
Ұлттық біріншіліктердегі жағдайға келсек, екі команда да өте жақсы формада. «Порту» Примейрада көш бастап тұр, ал «Црвена Звезда» Сербия Суперлигасында сенімді лидер. Екеуі де ішкі чемпионаттарында әзірге ұпай жоғалтқан жоқ.
Дегенмен олардың тікелей дуэлінде бір тарап міндетті түрде ұпай жоғалтады. Olimpbet сарапшыларының басым бөлігі бұл жолы сербтердің сүрінетініне сенімді. «Порту» кемінде екі гол соғады деп болжанып отыр, ал матчтың өзі «жоғары» болады дейді мамандар. Бұған қоса, бұрыштық соққылар бойынша да фаворит – алаң иелері. Кездесуде оннан кем бұрыштық болмайды деген болжам бар.
Дереккөз: Olimpbet Arena