Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Фарер аралдары – Қазақстан. Матчтан не күтеміз?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасы 18 қараша күні Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Фарер аралдары – Қазақстан. Матчтан не күтеміз?
sports24.kz

18 қараша күні Қазақстан мен Фарер аралдары ұлттық құрамалары жолдастық матч өткізеді. Осы ойын алдында екі команданың соңғы көрсеткіштері, голдық көрсеткіштері және сырт алаңдағы нәтижелері назарларыңызға ұсынылады. Матч алдындағы қызықты статистиканы Football Tips порталы талдап шықты.

Соңғы 10 кездесуде Қазақстан құрамасы 3 рет жеңіске жетті. 5 мәрте қарсыласқа есе жіберіп, 2 ойында тең ойнады. Осы аралықта ұлттық құрама 12 гол соғып, 17 гол жіберген.

Орташа есеп:

  • Гол соғу — 1,2
  • Гол жіберу — 1,7

Ал Фарер аралдары жеңіске жеткенімен, тең нәтиже тіркемеген. Соңғы 10 матчта 6 рет жеңілген. 

Гол статистикасы:

  • 11 гол соқты,
  • 11 гол жіберді.

Орташа көрсеткіш — 1,1 гол.

Осы жерде айта кетерлік бір жайт, ұлттық құраманың сырт алаңдағы көрсеткіші жақсы деуге келмейді. 

  • Соңғы 10 сырт алаң матчы: 1 ғана жеңіс,
  • 1 тең ойын,
  • 8 жеңіліс.

Бұл Қазақстанның сырт алаңда жиі қысымға түсетінін және матчты өз бақылауына ала алмайтынын айғақтайды.

Матч сценарийі қандай болуы мүмкін?

Сарапшылар ойын фавориті ретінде алаң иелерін атап отыр. Бірақ екі команда да гол соғады деген пікірде. Болжамды есеп: 1:2 немесе 2:2. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір