250 мың теңгеге дейін: Ертең «Қайрат» – «Реал» матчына билеттер сатылымға шығады
23 қыркүйекте сағат 17:00-де (Астана уақыты бойынша) «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билеттер сатылымға шығады. Бұл кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші туры болмақ.
Билеттерді қайдан алуға болады?
Ресми сатылым тек ФК «Қайраттың» ресми алаңдарында жүргізіледі:
- Qairat SuperApp мобильді қосымшасы
- «Қайрат» ФК ресми сайты, «Билеттер» бөлімі
- Ticketon.kz сайты
- Freedom SuperApp, «Билеттер» бөлімі
Бір жанкүйерге тек 2 билетке дейін сатып алуға рұқсат.
Сатып алу кезінде ЖСН немесе төлқұжат деректері көрсетілуі тиіс. Кіру кезінде олар мұқият тексеріледі.
Билеттердің бағасы
Топтық кезеңнің барлық матчына баға бірдей: 30 000 – 250 000 теңге (УЕФА-мен келісілген).
Абонемент иелері өз орындарын алдын ала жеңілдікпен сатып ала алады. Олармен сатылым басталмас бұрын клуб жеке байланысады.
Әлеуметтік және клубтық квота бойынша билеттер бөлігі тегін таратылады:
- «Қайрат» академиясының тәрбиеленушілеріне
- Паралимпиадалық спортшыларға
- Клуб қызметкерлеріне
Секторлар бойынша бағалар (Алматы Орталық стадионы)

Батыс трибуна:
30 000 тг – 1–9 сектор, 1–2 қатар
250 000 тг – 1–17 сектор
Шығыс трибуна:
150 000 тг – 30–48 сектор
Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар):
75 000 тг – 18–28 сектор, 49–60 сектор
Бағалар алдын ала ұсынылған. «Қайрат» клубы өзгеріс енгізуі мүмкін.