Өзбекстан құрамасының капитаны "Ромаға" жеңіс сыйлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Италияның А Серияның 33-турында "Рома" Римде "Веронаны" қабылдады.

"Рома" сапында негізгі құрамда алаңға шыққан Эльдор Шомуродов кездесудің небәрі 4-минутында қарсылас қақпасынан саңылау тапты. 29 жастағы шабуылшы үшін бұл А Сериясының биылғы маусымындағы төртінші нәтижелі соққысы болды. Ол алаңда 82 минут бойы өнер көрсетті. Матч 1:0 есебімен аяқталды. 

Бұл жеңістен кейін "Рома" ұпай санын 57-ге жеткізіп, турнирлік кестеде алтыншы орынға көтерілді. Қазір Италия біріншілігінде көшбасшы – 71 ұпаймен "Интер".

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір