
"Атырау" ФК бас директоры Дидар Сыдықбек ықтимал трансфер жайлы пікір білдірді
“Атырау” ФК құрамын күшейту бағытында жаңа келісімшарттар жүргізіп жатыр. Клуб басшысы Дидар Сыдықбек Telegram-арнасында қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуковты команда қатарына қосу ықтималдығын жария етті.
“Егер Жуковский келмесе, Георгий Жуков келуі мүмкін”, – деп жазды Сыдықбек өз парақшасында.
30 жастағы Георгий Жуков қазір Польшаның “Пуща” клубында ойнайды. Алайда соңғы бес кездесуде жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының тұрақты ойыншысы.
Бұған дейін “Атыраудың” басшысы жаңа ойыншылар тізімін де жариялаған. Олардың қатарында: