Бақтиёр Зайнутдиновке ресейлік клуб құда түсіп жатыр

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиёр Зайнутдиновтың мансабында жаңа бетбұрыс болуы ықтимал. Түркиялық "Бешікташ" сапында өнер көрсетіп жүрген футболшыға Ресейдің бір клубы ресми ұсыныс жасады. 

Бақтиёр Зайнутдиновке ресейлік клуб құда түсіп жатыр
NUR.KZ

Трансфер құны "Бешікташ" төлегеннен де жоғары

Ресейлік клуб Зайнутдинов үшін 5 миллион еуро көлемінде трансферлік өтемақы ұсынған. Бұл сома – "Бешікташтың" 2023 жылы ЦСКА-ға төлеген 4,5 миллион еуросынан 500 мыңға артық. Алайда түрік клубы бұл ұсынысқа қандай жауап қайтарғаны әзірге нақты емес.

Маусымдағы көрсеткіштері мен келісімшарт статусы

2024/25 маусымында Зайнутдинов "Бешікташ" құрамында 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 3,3 миллион еуроға бағалап отыр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір