
Германия чемпионатының 2024/25 маусымындағы ең үздік ойыншы атағы "Байер" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирцке бұйырды.
Немістің белгілі Kicker басылымы 216 футболшы арасында сауалнама жүргізіп, "алаңдағы ең әсерлі ойыншы" аталымының иесін анықтады. Дауыс беру нәтижесінде 61 ойыншы Вирцті үздік деп таныды.
Вирцтің басты бәсекелесі – "Баварияның" жаңа ойыншысы Майкл Олисе болды, ол 57 дауыспен екінші орынға жайғасты. Үздік алты ойыншының қатарынан сондай-ақ келесі футболшылар табылды:
Бұл тізім биылғы маусымның қаншалықты тартысты өткенін айқын көрсетеді.
2024/25 маусымында ең үздік қақпашы атағы «Майнц» командасының голкипері Робин Центнерге бұйырды. Ал маусымдағы ең сәтсіз қақпашы ретінде «Бохум» сапындағы Патрик Древес танылды.
Бапкерлер арасында Юлиан Шустер («Фрайбург») үздік деп танылса, Нури Шахин («Боруссия») маусым ортасында командадан кетіп, «ең нашар жаттықтырушы» аталымына ие болды.