Дастан Сәтпаевтың клубы жазда 14 футболшымен қош айтыспақ

Сарапшы, спорт журналисі

"Челси" 14 футболшысын сатуға дайын. Клуб басшылығы құрамды түбегейлі жаңартуды көздеп отыр.

Дастан Сәтпаевтың клубы жазда 14 футболшымен қош айтыспақ
independent.co.uk

Лондондық "Челси" жазғы трансфер терезесінде ауқымды өзгерістерге дайын

Кетуі ықтимал ойыншылардың тізімі:

Трансферлік тізімге кіргендер қатарында — Нони Мадуэке, Кристофер Нкунку, Жоау Феликс, Роберт Санчес, Джордже Петрович, Ренато Вейга, Бен Чилуелл, Аксель Дисаси, Уэсли Фофана, Кирнан Дьюсбери-Холл, Карни Чуквуемека, Лесли Угочукву және Рахим Стерлинг бар. Бұл футболшылардың барлығы тиісті ұсыныс түскен жағдайда командадан кетуі мүмкін.

Саймон Джонсон да растады

The Athletic басылымының инсайдері Саймон Джонсон да бұл ақпаратты растады: "Челси" жазда екі таңбалы санға жететін ойыншылармен қоштасуға дайын, яғни кадрлық өзгерістер тек жалғыз-екілі ойыншымен шектелмейді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың ақпан айында "Челси" "Қайраттан" Дастан Сәтпаевты сатып алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір