
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2014 жылы салық төлеуден жалтарғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Мадридтің Провинциялық соты Анчелоттиге қатысты үкім шығарып, 386 361,93 еуро көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар ол алдағы үш жылда мемлекеттік көмек пен салықтық жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айырылды. Бұл туралы Cadena Ser хабарлады.
Айта кетейік, 2015 жылдағы ұқсас істен Анчелотти ақталып шықты. Дегенмен 2014 жылғы іс бойынша азаматтық жауапкершілік ретінде мемлекет қазынасына дәл сол мөлшерде қаражат қайтарылғаны атап өтілді.
Прокурорлар Анчелоттиді 2014 және 2015 жылдары жалпы сомасы 1 062 079 еуроны құрайтын салық төлеуден жалтарды деп айыптады. Бұл кезеңде ол мадридтік "Реалдың" бас бапкері қызметін атқарған болатын.
Атап айтқанда:
Анчелотти 2-3 сәуір күндері өткен сот тыңдауларында өз кінәсін мойындамаған. Ол "ешқашан алаяқтық жасау ойымда болмаған, клуб пен заңгерлерімнің кеңесімен әрекет еттім" деп мәлімдеген. Сонымен қатар бапкер егер кінәлі деп танылса, оның шығынды өтегенін және қарызын жапқанын ескеріп, жазасын жеңілдетуді сұраған.