АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы "Метлайф" стадионында клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында "ПСЖ" "Реал Мадридті" тас-талқан етті.
Матчты танымал польшалық төреші Шимон Марциняк басқарды. Кездесу басталғаннан-ақ париждіктер шабуылға көшіп, небәрі 18 минуттың ішінде қарсыласын састырып үлгерді:
Бас-аяғы 23 минутта үш гол соғылған сәтте-ақ матчтың тағдыры шешілгендей болды.
Ойынның қалған бөлігінде қос тарап алма-кезек шабуылдап көрді. Алайда тек 88-минутта Гонсалу Рамуш соңғы нүктені қойып, матч есебін 4:0-ге жеткізді.
Жартылай финалда жарқыраған "ПСЖ" енді финалда "Челсимен" кездеседі. Шешуші матч 13-нен 14-шілдеге қараған түні, Астана уақытымен 00:00-де өтеді.