Еуропа лигасындағы "Легия" – "Ақтөбе" матчы тағдырын жалғыз гол шешті (ВИДЕО)
Польша астанасы Варшавада өткен Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында "Ақтөбе" жергілікті "Легиямен" кездесті.
Өміртаевтың голы есепке алынбады
Матч басталысымен-ақ "Легия" шабуылды үдетіп, басымдық танытты. Дегенмен ақтөбеліктер жылдам қарсы шабуылмен жауап беріп отырды. Бір сәтте Оралхан Өміртаев қақпашымен жеке-дара шығып, допты торға тоғытқан еді. Алайда бұл гол VAR жүйесі арқылы офсайд деп танылды.
Жалғыз гол — матч тағдырын шешті
Польшалық клубтың шабуылы жалғасып, бірінші таймның ортасына қарай Ваган Бичахчян алыстан бағыттаған соққысымен есеп ашты. Бұл — ойын барысында соғылған жалғыз гол болды. Екінші таймда екі команда да бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
Қарымта кездесу 17 шілдеде Ақтөбедегі Орталық стадионда өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet