"Астана", "Ақтөбе" және "Атырау" жеке меншікке өтеді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның жетекші футбол клубтары — "Астана", "Ақтөбе" және "Атырау" жақын арада жекешелендірілетін клубтар тізіміне енді.

"Астана", "Ақтөбе" және "Атырау" жеке меншікке өтеді
offside.kz

"3 миллиард теңге легионерлерге кетіп жатыр" – ҚФФ басшысы

Марат Омаров Qazsport телеарнасына берген сұхбатында елдегі көптеген футбол клубы мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. Бірақ бұл тұрақты даму үшін жеткіліксіз әрі тиімсіз. Ол клубтардың инфрақұрылымының әлсіздігін атап өтті:

"Әр жыл сайын орта есеппен 3 миллиард теңге бөлінеді. Бірақ бұл қаржы көбіне шетелдік ойыншылар мен бапкерлерге жұмсалады. Ал көп клубтың өз академиясы да, базасы да, стадионы да жоқ. Бұл дұрыс емес", – деді федерация басшысы.

Жекеменшікке көшу – әлемдік тәжірибе

Омаров футболдың бүгінгі таңда тек спорт емес, үлкен индустрия мен бизнеске айналғанын алға тартты. Оның айтуынша, табысты клубтардың бәрі жеке меншік негізінде жұмыс істейді:

"Телевидение, жарнама, онлайн платформалар – барлығы футбол арқылы табыс тауып отыр. Жанкүйерлер саны да ауқымды. Сондықтан клубтарды жеке меншікке өткізу – уақыт талабы. Бұл – халықаралық тәжірибеде дәлелденген жол", – деді ол.

Қай клубтар жекешелендірілмек?

Федерация президентінің айтуынша, қазіргі таңда жекешелендіруге ұсынылған клубтардың тізімі дайын. Бұл қатарда:

  • "Астана"
  • "Ақтөбе"
  • "Атырау"

Қазір бұл клубтарға қатысты инвесторлар тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қай форматта және қандай көлемде инвестиция тартылатыны талқыланып жатыр. Қазақстан футбол федерациясы бұл процеске белсенді қатысып, инвестор тартуға қолдау көрсетіп келеді.