
18 жастағы футболшы алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, нәтижелі пас берді.
Лондондық «Челси» вингері Эстеван Виллиан Англия Премьер-Лигасының 2-турында «Вест Хэмге» қарсы өткен ойында (5:1) үздік ойыншы атанды.
18 жастағы бразилиялық футболшы алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, нәтижелі пас берді. Бұл – оның АПЛ-дегі бар болғаны екінші кездесуі, бірақ алғашқысы – старттық құрамда. Виллианға бұл мүмкіндік Коул Палмер ойын алдындағы қыздыру кезінде өзін жайсыз сезінген соң берілді.
Opta деректеріне сәйкес, ол «Челси» тарихындағы Англия чемпионатында голдық пас берген ең жас футболшы атанды. Ассист жасаған сәтте Виллианның жасы 18 жас 120 күн болған.
Айта кетейік, келесі жылы «Челсиге» қазақстандық жас талант, «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев қосылады. Лондондық клуб оны 4 миллион фунтқа сатып алған.
Осылайша, Сәтпаевтың «Челсидегі» болашағы үшін бәсеке одан әрі күшейе түспек. Бір жағынан, бұл жас ойыншы үшін үлкен сынақ, екінші жағынан – әлемдік деңгейде өз қабілетін дәлелдеуге үлкен мүмкіндік.