Алматыға "Реал" келеді. "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы жұлдызды қарсыластары анықталды
Монакода 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі өтті.
sports.kz
"Қайраттың" қарсыластары
Алматылық клуб негізгі кезеңде сегіз ойын өткізеді: төртеуі – өз алаңында, төртеуі – сыртта.
Алматыдағы қарсыластар:
- Испанияның аты аңызға айналған "Реалы"
- Бельгия чемпионы "Брюгге"
- Грекиялық "Олимпиакос"
- Кипрдің "Пафосы"
Сырт алаңдағы бәсекелер:
- Италияның "Интері"
- Англиялық "Арсеналы"
- Португалияның "Спортингі"
- Данияның "Копенгагені"
Чемпиондар Лигасындағы жолы
"Қайрат" биылғы маусымды сәтті бастап, топтық кезеңге дейін жарқын жеңістермен жетті.
Алғашқы айналымда Словенияның "Олимпиясын" екі матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен ұтты.
Екінші раундта финляндиялық КуПС-пен тартысты ойында камбэк жасап, 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті.
Үшінші кезеңде тәжірибелі "Слованмен" кездесіп, тең нәтижеден кейін (1:1) пенальти сериясында 4:3 есебімен басым түсті.
Плей-офф раундында шотландиялық алпауыт "Селтикті" сенсациялық түрде жарыстан шығарды (0:0, пенальти — 3:2).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet