
«Бавария», «Ювентус» және «Шахтер» клубтарының экс-жартылай қорғаушысы Дуглас Коста 30 күнге қамауға алынды.
Бұл шешімді Порту-Алегри қаласының отбасылық соты қабылдады. Себеп — 492 965,29 реал (шамамен 93 мың доллар) көлеміндегі алимент қарызы.
Іс жабық тәртіпте қаралуда. Ордер екі жылға жарамды. Яғни егер футболшы қарызды өтемесе, ол кез келген сәтте қамауға алынуы мүмкін.
Бразилиялық ойыншыға сот бастапқыда екі ай мерзім бергенімен ол клубқа сот процесінің аяқталу мерзімі белгісіз екенін мәлімдеген.
Жуырда австралиялық «Сидней» клубы 35 жастағы футболшымен келісімшартты үзгенін жариялады. Ресми мәлімдемеде Костаның Австралияға қайта орала алмайтыны, себебі оның «заңдық және жеке мәселелеріне» байланысты екені айтылды.