
21 қазанда Алматының Орталық стадионында өтетін "Қайрат" пен кипрлік "Пафос" арасындағы Чемпиондар лигасы матчына байланысты қалада көлік қозғалысы шектеледі. Сонымен қатар жанкүйерлердің ыңғайы үшін 60 арнайы автобус іске қосылады.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, кездесу 21 қазан күні сағат 21:45-те басталады. Матч өтетін Орталық стадион маңында үлкен көлік жүктемесі күтіліп отыр.
«Ойын күні көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеулер Абай даңғылы, Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінің бойында енгізіледі. Тұрғындар мен жанкүйерлерден жол бағытын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлікті пайдалануды сұраймыз», – делінген әкімдік хабарламасында.
Ойыннан кейін жанкүйерлерді үйлеріне ыңғайлы жеткізу үшін 60 қосымша автобус келесі бағыттар бойынша қатынайды:
Әкімдік жанкүйерлерге матчқа ертерек келіп, билеттерде көрсетілген кіреберістер арқылы өтуге кеңес береді. Бұл ұзын-сонар кезекті азайтып, стадиондағы тәртіп пен жайлылықты қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ойын кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында екі жедел жәрдем көлігі стадион аумағында кезекшілік етеді.
«Жанкүйерлерден сабыр сақтап, өзара құрмет танытуын және команданы мәдени түрде қолдауын сұраймыз», – делінген әкімдік хабарламасында.
Бұл матч — УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында өтеді. Қазақстанның көп мәрте чемпионы "Қайрат" өз алаңында Кипрдің үздік клубы – "Пафосты" қабылдайды. Кездесу ел футболы жанкүйерлері үшін маңызы зор ойын болмақ.