Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Балықшылар ауылынан шыққан клуб Чемпиондар лигасында ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі

Шамамен 1500 тұрғыны бар Халлевик ауылының клубы «Мьельбю» Швеция чемпионы атанды.

Балықшылар ауылынан шыққан клуб Чемпиондар лигасында ойнайды
Сурет: ашық дереккөздерден

Швеция футболында тарихи оқиға орын алды. Блекинге өңіріндегі шағын ғана Халлевик ауылынан шыққан «Мьялльби» (Mjällby AIF) клубы биылғы маусымда ел чемпиондығын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Үш тур қалғанда команда 66 ұпай жинап, басты қарсыластарынан қол жетпес алшақтыққа шықты. Осылайша клуб 86 жылдық тарихында алғаш рет Швецияның жоғарғы дивизионы – Аллсвенсканның чемпионы атанды.

Ауылдан шыққан алыптар

«Мьялльби» – 1939 жылы Халлевик ауылында құрылған қарапайым спорт қоғамы. Арада сексен жылдан астам уақыт өткен соң, теңіз жағалауындағы 1 500 тұрғыны бар елді мекеннің командасы швед футболының шыңына шықты.
Швеция басылымдары бұл жетістікті «өзінің Лестер оқиғасы» деп атап отыр — 2016 жылы Англияда күтпеген жерден чемпион атанған «Лестер Ситимен» салыстырып, AS басылымы былай деді:

«Швеция өз Лестерін тапты — халқы 1500 адамға жетпейтін ауылдың командасы ел чемпионы атанды».

Тарихтағы алғашқы еурокубок маусымы

Чемпиондықпен бірге «Мьялльби» тағы бір тарихи белесті бағындырмақ. Клуб алғаш рет еурокубокта ойнайды — алдағы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Бұл – тек Халлевик үшін емес, бүкіл Блекинге аймағы үшін үлкен жетістік. Команданың шағын бюджетпен және аймақтық ойыншыларға сүйене отырып осындай деңгейге жетуі швед футболының даму жүйесінің жемісі ретінде бағалануда.

Капитан Маттиас Йоханссон матчтан кейінгі сұхбатта былай деді:

«Біз ешқашан армандаудан тоқтаған жоқпыз. Енді біздің арманымыз — Еуропада да өз атымызды көрсету,» деді капитан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір