Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Барселона» дағдарыстан шықпаса, жұлдызын құрбандыққа шалады

Сарапшы, спорт журналисі

Каталониялық «Барселонаның» бразилиялық шабуылшысы Рафинья Диас маусым соңында Англияға жол тартуы мүмкін. 

«Барселона» дағдарыстан шықпаса, жұлдызын құрбандыққа шалады
instagram/@fcbarcelona

Рафиньяға АПЛ-ден ұсыныс дайын

Испаниялық басылымдарда шыққан ақпаратқа сенсек, «Ньюкасл Юнайтед» Рафиньяны жазғы трансфер терезесінде түбегейлі түрде алу жоспарын жасап отыр. Егер «Барса» ойыншысы бойынша ұсыныстарды қарастыруға келіссе, ағылшын клубы бразилиялық вингер үшін айтарлықтай ақша төлеуге дайын.

Fichajes мәліметінше, Рафиньяның Англия Премьер-лигасына ауысу ықтималдығы жоғары. Себебі жазда «Барселонаға» қаржылық проблемаларын шешу үшін жетекші ойыншыларының бірін сатуға тура келуі ғажап емес.

Каталондық клуб біраз уақыттан бері жалақы қорының көлемі, қаржылық фэйр-плей талаптары, клуб қарыздары сияқты мәселелермен күресіп келеді. Сол себепті басшылық ең қымбат активтердің бірін сатуға мәжбүр болуы мүмкін деген ақпарат жүр.

Рафиньяның биылғы маусымдағы статистикасы

Бразилиялық ойыншы бұл маусымда жарақаттар мен бәсекелестікке қарамастан, «Барселона» шабуылында маңызды рөл атқаруда. Барлық турнирлерді қоса алғанда Рафинья 10 матчқа қатысты, 3 гол соғып 3 нәтижелі пас берді.

Яғни, тікелей голға әсер еткен эпизодтары – 6. Соған қарамастан каталондық клубтың экономикалық жағдайы жақсы болмаса, спорттық фактордан бұрын қаржылық шешімдерге басымдық беруге тура келуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір