Серіктестік күтіп тұр. «Елімай» бас бапкері Андреа Пирломен кездесті

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл туралы Андрей Карпович өзінің инстаграм парақшасында жария етті. 

Серіктестік күтіп тұр. «Елімай» бас бапкері Андреа Пирломен кездесті
kazfootball.kz

«Елімай» клубының бас бапкері Андрей Карпович әлеуметтік желіде футбол аңызы, қазіргі «Dubai United» командасының бас жаттықтырушысы Андреа Пирломен түскен суретін жариялады.

«Менің буынымның ең сүйікті футболшыларының бірімен керемет кездесу болды. Андреа Пирло – “Dubai United” клубының бас бапкері. Клубтарымыздың серіктестігі аясында олардың инфрақұрылымымен танысып, жаттықтыру штабы және академия басшылығымен әңгімелестім. Ынтымақтастық бойынша бізде өте жақсы перспективалар бар деп сенемін», — деп жазды Карпович.

Карповичтің айтуынша, бұл сапар екі клуб арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Ол Дубайдағы клубтың инфрақұрылымын, оқу-жаттығу процесін, академия жүйесін көріп, екі жаққа да пайдалы тәжірибе алмасу мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір