Беларусь құрамасы және «Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг ел чемпионы атанған «МЛ Витебск» клубына ауысуы ықтимал.
Беларусь БАҚ мәліметінше, қазақстандық клубтың негізгі ойыншыларының бірі саналатын Макс Эбонгтың трансфері іс жүзінде келісіліп қойғандай.
Дереккөздің жазуынша:
«Маған белгілі болғандай, „МЛ Витебскке“ „Астананың“ жартылай қорғаушысы Макс Эбонгты қатарға қосу мәселесі қаралып жатыр. Инсайдер Бага бұл трансфердің жүзеге асу ықтималдығын 99,88 пайыз деп бағалап отыр», — деп жазады беларусьтік Telegram арна.
Осылайша Эбонг алдағы маусымда өз елінің чемпионы атанған командаға оралып, мансабын Еуропа аренасында жалғастыруы мүмкін.
Өткен маусымда «МЛ Витебск» ішкі біріншілікте 68 ұпай жинап, Беларусь чемпионы атанды. Енді клуб келесі маусымдағы еурокубок кампаниясын УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің бірінші раундыннан бастайды.
Эбонгтың бұл командаға ауысуы расталса, ол ел чемпионы мәртебесіндегі клубта ойнайды. УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.