Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Астанада Чемпиондар лигасына ұшып келген «Қайратты» қалай қарсы алды?

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының матчы үшін Астанаға келіп, елорда әуежайында ерекше құрметпен қарсы алынды.

Астанада Чемпиондар лигасына ұшып келген «Қайратты» қалай қарсы алды?
instagram/@f.c.kairat

VIP-зал «Қайраттың» түстерімен безендірілді

Әуежайдың VIP-залында алматылық клуб үшін арнайы атмосфера жасалды. Ғимараттың іш «Қайраттың» дәстүрлі сары-қара түстерімен үйлестіріліп, футболшыларға шағын фуршет ұйымдастырылды. Клуб өкілдері мен ойыншыларды жанкүйерлер жылы қарсы алып, командаға алдағы ойын алдында қолдау көрсетті.

«Қайрат» елордаға Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Олимпиакосқа» қарсы ойын үшін ұшып келді. Бастапқыда кездесу Алматыда өтуі тиіс болған. Бірақ ауа райына байланысты клуб басшылығы матчтарды елордаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұл таңдаудың басты себебі – «Астана Арена» стадионының жабылатын төбесі. Алаңның үсті жабық болғандықтан қатты аяз бен қар ойын өткізуге кедергі келтірмейді.

Матч қашан өтеді?

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» – «Олимпиакос» ойыны 9 желтоқсанда «Астана Аренада» өтеді. Кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталады.

Матчқа елордалық жанкүйерлермен қоса, алматылық команданы қолдау үшін арнайы келетін фанаттар да күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір