Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ғалымжан Кенжебек: «Еуропада бақ сынағым келеді»

Сарапшы, спорт журналисі

Биыл өткен маусымда Ғалымжан Кенжебек небәрі 11 ойында алты гол соғып, төрт ассист жасап үлгерді.

Ғалымжан Кенжебек: «Еуропада бақ сынағым келеді»
Ғалымжан Кенжебек. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек «Қайратқа» не үшін қайта оралмайтынын ашық айтып берді, деп хабарлады ASnews.kz.

"Менің ойымша, «Қайратқа» жолым жабық. Сондықтан ол жаққа қайта барудың енді мағынасы жоқ. «Қайраттан» кеткен кезде көп мәселелер болды, сол себепті қайта оралу болмайды. Бір жарым жыл бұрын менің «Жеңіс» клубымен келісімшартым болды, бірақ олар үшін ойнай алмадым, өйткені дәл сол уақытта «Қайратпен» келісімшартым аяқталып жатқан. Олар мен үшін тым үлкен өтемақы сұрады, ал ондай ақшаны ешкім төлемейтін еді. Сондықтан мен Кипрге кетуге мәжбүр болдым, ол жерде заң бойынша төрт ай өткізіп, кейін өтемақысыз басқа клубқа ауысу мүмкін болды".

Футболшы "Ақтөбе" клубы туралы да айта кетті:

"Оларда жанкүйерлер керемет. Максим Самородов пен Рамазан Оразовты қалай қолдағанын қараңыздар. Бұл нағыз футбол қаласы, егер өзіңді жақсы көрсетсең, сені өте қатты қолдайды".

Ғалымжанның айтуынша, қазір қазақстандық клубтардан ұсыныс түспеген:

"Маған қандай да бір ұсыныс жасағанын естіген жоқпын. Қазір қайтадан Еуропада бағымды сынап көргім келеді. Қазақстанға әрқашан оралуға үлгеремін", — деді футболшы.

Еске сала кетейік, Ғалымжан Кенжебек — «Қайрат» академиясының түлегі және 2024 жылға дейін алматылық клубтың намысын қорғаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір