Қазіргі таңда еліміздің бес клубы жеке меншікке өтті.
Оның айтуынша, спорт ұйымдарын жекешелендіру – жалпыұлттық үрдіс, және бірқатар өңірлерде бұл процесс сәтті жүзеге асқан. Шымкент клубына қатысты да жұмыс жүргізіліп жатыр, қазіргі таңда бірнеше әлеуетті инвестормен бір мезгілде келіссөздер өтуде.
Әкім қала билігі бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуге мүдделі екенін атап өтті, себебі жеке басқару клуб қызметінің тиімділігін арттырып, қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік береді.
"Бұл процесс ұзаққа созылмайды. Біз келіссөздерді қысқа мерзімде аяқтау үшін барлық шараны қабылдап жатырмыз. Қазіргі таңда кеңес жүргізіліп жатқан компаниялардың атауларын атауға ерте. Нақты келісімдерге қол жеткізілген бойда қоғамды жедел түрде хабардар етеміз", — деді Ғабит Сыздықбеков.
Қазіргі таңда Қазақстанда 14 футбол клубының 5-еуі жеке меншікке өткен.