"Истанбул Башакшехир" клубының және Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов өзін "Фенербахче" командасы қызықтырып отыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Түркия Суперлигасының 22-туры аясында “Башакшехир” “Бешікташтан” 2:3 есебімен жеңілген матчтан кейін Шомуродов трансфер жайлы әңгімелерге нүкте қоя сөйледі:
“Өзім бұл туралы тек интернеттен оқыдым. Маған жеке ештеңе жеткен жоқ. Мұнда бәрі жақсы, бапкермен қарым-қатынасым керемет — ол да менің кетуімді қаламады”, — деді өзбекстандық футболшы.
Шомуродов команда ойынына тоқталып, жаңа бапкер Нури Шахиннің жетекшілігімен ілгерілеу байқалатынын атап өтті. Дегенмен оның айтуынша, ірі матчтарда командаға бір нәрсе жетіспей қалады.
Шабуылшы жеке статистикаға да қатысты ойын айтты. Ол үздік сұрмерген атануға қарсы емес, алайда басты міндет командамен бірге Еуропа лигасына жолдама алу екенін жеткізді