"Манчестер Юнайтед" Каземироның орнына 200 млн еуро бөлуге дайын

Сарапшы, спорт журналисі

"Қызыл сойқандар" алдағы жазда жартылай қорғаныс шебін түбегейлі жаңартуды көздеп отыр. 

"Манчестер Юнайтед" Каземироның орнына 200 млн еуро бөлуге дайын
rbc.ru

Каземиро "Юнайтедтен" кетуге бекінді ме?

AS басылымының жазуынша, бразилиялық тірек жартылай қорғаушы келісімшартын ұзартпау туралы шешімін клуб басшылығына жеткізген. Ол маусым аяқталғаннан кейін және халықаралық турнирлер кезеңі біткен соң, "Манчестер Юнайтедпен" қош айтысуды ойластырып отыр.

Каземироның кетуі — команданың ойын құрылымына тікелей әсер ететін фактор. Сондықтан "Юнайтед" спорттық жоспарлауда №6 позициясын күшейтуді бірінші орынға қойып отыр.

200 миллион еуро қайда жұмсалмақ?

Хабарламада клубтың басты мақсаты — Каземироның орнын басатын жоғары деңгейлі тірек ойыншы табу екені айтылады. Ол үшін "қызыл сойқандар" жазғы трансфер науқанына ірі бюджет қарастыруға дайын.

Негізгі басымдық Премьер-лигада тәжірибесі бар, бірден негізгі құрамға кіре алатын дайын, физикалық қуаты мен тактикалық сауаты жоғары “қорғаныс жартылай қорғаушыға” беріледі

Үміткерлер тізімі: кімдер аталды?

Қазір әлеуетті кандидаттар ретінде бірнеше ойыншының есімі аталып отыр:

  • Бруно Гимарайнш
  • Сандро Тонали
  • Эллиот Андерсон

Кеңейтілген тізімде Адам Уортон мен Жоау Гомеш те бар. 

Дегенмен дәл қазір ресми келіссөздер басталды деген ақпарат жоқ, клубтар арасындағы нақты байланыс әзірге расталмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір