Оқыс оқиғаға байланысты төреші 23 қызыл қағаз көрсетті. Мұндай жағдай Бразилия футболында бұрын-соңды болмаған.
Бразилияда "Крузейро" мен "Атлетико Минейро" командалары арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды.
Минас-Жерайс штаты чемпионатының финалында "Крузейро" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ бұл ойын таблодағы нәтижемен емес, соңғы минуттарында алаңда болған қақтығыспен есте қалды.
Жанжал "Атлетико Минейроның" қақпашысы мен "Крузейро" шабуылшысы арасындағы текетірестен басталды. Артынша оған екі команда ойыншылары мен қосалқы құрам мүшелері араласып кетеді.
Бір айта кетерлігі, жаппай төбелеске Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің бұрынғы командаластары да қатысқан. Олар:
Екі футболшы да бұрын Санкт-Петербургтің "Зенит" клубында Нұралы Әліппен бірге ойнаған.
Бразилиялық БАҚ мәліметінше, ойыннан кейін төреші тарапынан 23 қызыл қағаз көрсетілген.