"Ертіс" стадионсыз қалды. Енді қайда ойнайды?

Сарапшы, спорт журналисі

Павлодарлық клуб стадиондағы жөндеу жұмыстарына байланысты көшіп жатыр. 

"Ертіс" стадионсыз қалды. Енді қайда ойнайды?
Vesti.kz

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін павлодарлық "Ертіс" клубы уақытша өз алаңында ойнай алмайтын болды. Команда мамыр айынан бастап өз алаңындағы матчтарын Астанада өткізеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

Неге "Ертіс" көшіп жатыр?

Клубтың басқа қалаға көшуіне негізгі себеп – Павлодардағы "Орталық" стадионда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары. Атап айтқанда, аренадағы жасанды жабын толықтай ауыстырылуда.

Осыған байланысты "Ертіс" қарсыластарын енді елордалық "Астана Аренада" қабылдайды.

Қазіргі таңда бұл стадионда бірнеше команда өз матчтарын өткізіп жүр:

  • "Астана"
  • "Жеңіс"
  • "Елімай" (өз стадионы дайын болмағандықтан)

Айта кетейік, "Астана Аренада" жақында ауқымды реконструкция жүргізілді. Оған шамамен 15 миллиард теңге бөлінді.

"Ертістің" маусымдағы нәтижесі

Павлодарлық клуб биыл ҚПЛ-ға қайта оралды. Қазіргі таңда команда 5 турдан кейін 6 ұпай жинап, турнир кестесінде 10-орында орналасқан.