Британияда білім алған маман "Атырауды" басқарады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Атырау" ФК басшылығында өзгеріс болды.

Британияда білім алған маман "Атырауды" басқарады
instagram/@fc_atyrau

Жаңа бас директор кім?

Айбек Тілеужан — Атырау облысының тумасы. Ол бұған дейін “Тұран” футбол клубында директор қызметін атқарған. Сонымен қатар футбол саласында және өзге де ірі компанияларда тәжірибесі мол маман ретінде танылған.

Ресми деректерге сәйкес, Тілеужан Ұлыбританияда білім алған. Еңбек жолында “ҚазТрансОйл” және “Қазақстан темір жолы” сияқты ірі ұлттық компанияларда қызмет еткен.

Айбек Тілеужан

Футболдағы тәжірибесі

Футбол индустриясында Айбек Тілеужан бірқатар маңызды қызметтерді атқарған:

  • “Түркістан Арена” нысаны директорының орынбасары
  • “Тұран” ФК директоры
  • “Ордабасы” КФК құрылымындағы басшылық қызметтер

Сарапшылар оның тәжірибесі “Атырау” клубының дамуына оң әсер етуі мүмкін екенін атап өтуде.

“Атырау” Қазақстан Премьер-лигасының бес турынан кейін жеті ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында тұр. Команда бір жеңіске жетіп, төрт ойында тең нәтижеге қанағаттанған.

Материалда: