ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Футбол матчы жанкүйерлер қақтығысымен аяқталды (ВИДЕО)

Парагвай чемпионатындағы "Олимпия" мен "Серро Портеньо" арасындағы маңызды матч жаппай тәртіпсіздікке байланысты тоқтатылды.

Футбол матчы жанкүйерлер қақтығысымен аяқталды (ВИДЕО)
EFE/ Дерлис Мартинес

29-минутқа созылған матч

Кездесу “Эстадио Дефенсорес дель Чако” стадионында өтті. Парагвай чемпионатының 17-туры аясындағы басты дерби жанкүйерлердің тәртіпсіздігіне байланысты ойын 0:0 есебінде толық аяқталмай қалды. Оқиға кезінде жанкүйерлер мен полиция арасында қақтығыс болып, жүздеген көрермен алаңға жүгіріп шыққан.

Қақтығыс қалай басталды?

Куәгерлердің айтуынша, тәртіпсіздік “Серро Портеньо” жанкүйерлері секторында петардалардың жарылуынан басталған. Ресми мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 11 полиция қызметкері жарақат алған, олардың бірі ауыр жағдайда және 31-ге жуық адам ұсталған. Қауіпсіздік күштері тәртіп орнату мақсатында резеңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданған. 

Парагвай футбол ережесіне сәйкес, егер матч жанкүйерлер кесірінен тоқтатылса, командаға техникалық жеңіліс берілуі мүмкін. “Олимпия” клубы 3 ұпайды өздеріне беруді талап етуде. Аталған істі Парагвай футбол қауымдастығы қарастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.