"Өз орнымды дәлелдеуім керек": Кенжебек "Ахматтағы" болашағы туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Грозныйлық "Ахмат" клубының және Қазақстан құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек өз мансабына қатысты пікір білдірді.

"Өз орнымды дәлелдеуім керек": Кенжебек "Ахматтағы" болашағы туралы айтты
"Ахмат" ФК

Матч қалай өтті?

Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-лигасының 27-турында 61-минутта Максим Самородовтың орнына қосылды. Матчтан кейін қазақстандық футболшы команда нәтижесіне және жеке мақсаттарына тоқталды.

“Қиын болды. Есепті теңестіруге тырыстық, бірақ болмады. Мұндай қарсыластарға қарсы сырт алаңда ойнау оңай емес. Бірақ біз барымызды салдық. Келесі ойында жеңіске жетуге тырысамыз”

Футболшы алаңға шабыттанып шығуы және алдағы уақытта гол салғысы келетіні туралы өз пікірін білдірді.

“Басқа жол жоқ, маған өз орныма лайық болып, жігіттермен бәсекелесу керек. Бапкер мүмкіндік бергенде соны пайдаланамын”

Биыл 23 жастағы ойыншы “Елімайдан” Ресейдің “Ахмат” клубына ауысқан. Бұл футболшының РПЛ-дағы дебюттік маусымы. Қазір құрама сапында 5 матч өткізіп, алаңда жалпы 93 минут болған. Бірақ нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.

Самородов не дейді?

"Біз “Балтикамен” өткен қиын матчтан кейін үшінші күні “Зенитпен” ойнадық. Екеуі де бірдей ауыр қарсылас. Олар чемпионат үшін күреседі, көптеген  біліктілігі жоғары футболшылары бар. Алайда, біз бұл голдарды өзімізге соқтық деп санаймын. Егер олар болмаса, бәрі біздің пайдамызға шешілуі мүмкін еді", - деді Максим Самородов ресейлік басылымға берген сұхбатында.

Осы жеңілістен кейін “Ахмат” 32 ұпаймен турнир кестесінде 9-орында тұр. Ал “Зенит” чемпиондыққа таласын жалғастырып, көшбасшы “Краснодар” клубын 59 баллмен қуып келеді. Келесі тур аясында 3-мамырда грозныйлықтар өз алаңында “Пари НН” клубымен кездеседі.