"Ақтөбе" сырт алаңда "Алтайды" жеңіп, үздік бестіктен орын алды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында өскемендік "Алтай" өз алаңында "Ақтөбені" қабылдап, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

"Ақтөбе" сырт алаңда "Алтайды" жеңіп, үздік бестіктен орын алды (ВИДЕО)
instagram.com/fcaktobe_official

“Ақтөбе” бірінші таймда екі гол соқты

Қонақтар кездесуді белсенді бастап, алғашқы таймда Данило Кучер қорғаған қақпаға жауапсыз екі гол енгізді. Әуелі “Ақтөбенің” капитаны Иван Ордец есеп ашты. Артынша Даниэль Соса команданың басымдығын арттырып, алғашқы таймның қорытындысын 0:2 етті.

Үзілістен кейін де ақтөбеліктер шабуыл қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Темірлан Ерланов үшінші голды соғып, есеп айырмасын ұлғайтты.

Бұдан кейін алаң иелері сапынан Дмитрий Подстрелов мергендік танытып, “Алтайдың” алғашқы добын енгізді.

Матч соңына қарай Пабло Альварес “Ақтөбенің” төртінші голын соқты. Ал кездесудің қорытынды есебін Никола Ямбор белгіледі – 2:4.

Бесінші орынға көтерілді

Осы жеңістен кейін “Ақтөбе” 28 ұпай жинады. Команда Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.

“Алтай” өз алаңындағы нәтижелі матчта төрт гол жіберіп, кезекті рет ұпайсыз қалды.

Материалда: